АҚ «Аллюр Компаниялар Тобы»
5588
Eng Rus

«СарыаркаАвтоПром» Актау қаласын 88 экологиялық қауіпсіз автобуспен қамтамасыз етуде

Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов, «Каспий» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Жомарт Абиесов және «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС директоры Сырым Семейбаев Маңғыстау облысына қазақстандық өндірістегі 18 электрлі және 70 газды автобус жеткізу жөніндегі үш жақты шартқа қолдарын қойды.

Қол қойылған меморандум аясында газбен жұмыс істейтін «Ankai» автобусының пайдалану қасиеттерін сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Зерттеудің қанағаттанарлық нәтижесі ретінде, «Каспий» ӘКК» АҚ Маңғыстау облысының автобус паркін жаңарту үшін 70 газды автобус сатып алады.

Ақтаудағы жолаушылар автокөлігін жаңғырту және жаңарту мақсатында техникалық ресурстарды жоғалтқан автобустарды жаңа экологиялық таза автобустармен біртіндеп ауыстыру туралы шешім қабылданды. Жоба аясында «Каспий» ӘКК» АҚ-да «Сарыарқа АвтоПром» шығаратын 18 электрлі автобус сатып алу және жаңа бағыт құру жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні, Ақтау қаласының көшелерінде «Аллюр» КТ» АҚ құрамына кіретін «СарыарқаАвтоПром» автокөлік зауытында өндірілген «Ankai» маркасының 5 электрлі автобусы жүр, сондай-ақ жылдам электр қуатын толтыру станцияларының инфрақұрылымы іске қосылды. Бұл Қазақстанның электрлік автобустарымен тұрақты байланыс орнатудың алғашқы тәжірибесі. Электрлі автобустардың бұл топтамасы Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Саммитіне қатысқан делегаттарға қызмет көрсету үшін арнайы жасалған,кейіннен Ақтау қаласының әлеуметтік маңызы бар бағыттарында пайдалануға берілді. Халықаралық әуежайдан қала орталығына дейін төрт автобус қатынап жүреді. Бесінші автобус Ақтау қаласының әкімдігі облыстың футбол клубына тапсырды.

Айта кетейік, Ақтау қаласынан басқа, Астанада да бағыттарға 70 электрлі автобусты жіберу мәселесі қарастырылуда. Қазір электрлі автобустарды пайдалануда тәжірибесі мол қытайлық мамандар тобымен, бағыттар және қуаттау инфрақұрылымын орнату орындары туралы егжей-тегжейлі ақпарат әзірленуде.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «БРК-Лизинг» АҚ-ның жылына 7% автобус паркін жаңартып отыру бағдарламасының арқасында қазақстандық өндірістегі автобустарды қолайлы жағдайларда сатып алуға болады. Алғашқы жарна 15%-дан, жалдау мерзімі 7 жылға дейін, ал алдын-ала тапсырыс бойынша 6 айға дейін жеңілдік кезеңі қарастырылады.