АҚ «Аллюр Компаниялар Тобы»
5588
Eng Rus

Ақтауда JAC iEV7s электромобильдерімен бірге каршерингті іске қосады

Қоғамдық көліктерді экологиялық таза автобустармен жаңғырта отырып, Ақтау қаласының биліктері шындап келе «жасыл технологияға» көшу қамын жасады.

«Каспий» ӘКК» корпорациясы Әкімдікпен және «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-пен бірлесе отырып, тек электромобильдерден тұратын автопаркпен каршеринг (қысқа мерзімді жалға алу мүмкіндігі) сервисін іске қосу мәселесі бойынша жұмыс жасауда.

Қазіргі уақытта, «СарыаркаАвтоПром» ұлттық автомобиль өндірушісі «Каспий» ӘКК-не корпорацияға тестілі пайдалану үшін, екі JAC iEV7s электро-кроссоверін берді.

Сонымен бірге, Ақтауда Ш. Есенов атындағы КМТИУ-де электромобильдерге арналып құрастырылған, алғашқы тез қуаттандырғыштар пайда болды. Университет студенттердің зерттеуіне екі электромобиль сатып алды. Осы электромобильдер мен электробустарға қызметтер көрсету және сол көліктер мен зарядтау станцияларына қажетті компоненттер әзірлеу үшін, біртіндеп мамандар даярлай отырып, Ақтау қаласының Әкімдігіне жаңа техника - электрмен жүретін автобустарды меңгеру ісінде белсенді көмек көрсететін болады.