АҚ «Аллюр Компаниялар Тобы»
5588
Eng Rus


Трансұлттық инвестор қазақстандық автоөнеркәсіпке кіреді

11 желтоқсанда индустрияландыру күнінің аясында China General Technology Group (Genertec) құрамына кіретін, China National Machinery IMP. & EXP. CORP. (СМС) автомобильдерінің импорты мен экспорты бойынша трансұлттық қытай мемлекеттік компаниясы «Аллюр»КТ» АҚ ірі қазақстандық автоөндірушілер капиталына кіру туралы инвестициялық келісімге қол қойды.


Ресми қол қою Қытай делегациясының Қазақстан Республикасына сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Мамин Асқар Ұзақбайұлының қатысуымен өтті.


Кездесуге Қазақстандағы ҚХР Елшісі Чжан Сяо, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі - Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы, «Бәйтерек» ҰБХ »АҚ басқарма төрағасы Айдар Арифханов, Қазақстан Даму Банкі басқармасының төрағасы Болат Жәмішев, Bank of China International Сун Цзиньшань Президенті қатысты.


Компаниялар арасындағы инвестициялық келісім қазақстандық автомобиль индустриясы әлемінде ең бір күтілетін оқиға болды. Бұдан басқа, жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық басым жобалардың топ-51 құрамына кіреді.


Инвестор өндірісті дамытуға, көлемін ұлғайтуға, оқшауландыруға, оның ішінде қосымша салаларды дамыту арқылы - компоненттерді өндіруге мүдделі.


-«Аллюр КТ» АҚ – бұл ҚР ұлттық өнеркәсібін жаңғырту бағдарламасына нақты көмек көрсететін жүзден астам озық кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компанияның өзінің қызмет саласы бойынша біліктілігі бар, сондай-ақ түйінді бәсекелестік артықшылықтарға ие. JAC Motors компаниясымен 2017 жылдың қыркүйегінде біріктірілген ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастық негізінде, CMC компаниясы ресми түрде «Аллюр КТ» АҚ капиталына кіру жобасын іске қосты. Бүгінде, бір жылдан астам уақыттан кейін екі жақ тең бірлескен ынтымақтастықтың керемет нәтижесіне қол жеткізді. «Аллюр КТ» АҚ капиталына кіру жобасы сәтті іске асырылды, сондай-ақ, бұл жоба қазақстандық тараппен болашақ одан әрі кеңейтілген және тереңірек ынтымақтастық мүмкіндігіне сенім мен үмітті нығайтты, - деді Қытайдың General Technology Group (Genertec) конгломератының Басқарма Төрағасы Лу Имин.


Бірлескен кәсіпорынды дамыту шеңберінде серіктестер өнеркәсіптегі өндіріс көлемін 100 000 бірлік автомобильдерге дейін арттыру, сонымен бірге оқшауландыру деңгейін 50% -ға дейін жеткізу мүмкіндігін талқылады.


Оқшауландыруды ұлғайтуға, автомобиль компоненттерін өндіруді дамытуға, көлік нарығына шығуға қажетті, бірлескен кәсіпорынға тікелей және тартылған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $ 1,1 миллиардты құрайды.


Трансұлттық инвестордың арқасында ірі қазақстандық автоөндіруші өндірісті оқшауландыруды тереңдете алады, өзінің брендтік портфелін кеңейтіп, жаңа технологияларды енгізе алады.


Бірлескен кәсіпорын аясында жүзеге асырылуы жоспарланған негізгі бағыттардың бірі - электромобильдер, электрлік автобустар өндірісін дамыту және Астана және Алматы қалаларында ЭҚС (электрмен қуаттау станциялары) инфрақұрылымын құру. Бұл жоба Үкіметтің ерекше бақылауында. Бұдан бұрын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қазақстандық автоөндірушілер алдына электр көліктері өндірісін дамытуды басымды міндет етіп белгіледі.
Кездесу барысында сондай-ақ, саладағы кадрлардың біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру, автомобиль өнеркәсібінде жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.

China General Technology Group (Genertec)
Қытай мемлекеттік конгломераты машина жасау, фармацевтикалық, инженерлік мердігерлік, құрылыс және жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ техникалық кеңес беруді қамтиды. Компания инженерлік-құрылыс саласымен айналысады. Бұл саладағы ірі еншілес кәсіпорны - Қытай ұлттық машина-импорт-экспорт корпорациясы (CMC).

China National Machinery IMP. & EXP. CORP.
Бүгінгі таңда, China National Machinery IMP. & EXP. CORP. ірі халықаралық жобалаушы, жобаларды басқару бойынша мердігер және автокөлік қызметтерін жеткізуші болып табылады және Қытайдың General Technology Group (Genertec) құрамына кіреді.
CMС компаниясы әлемнің 160-тан астам елінде, соның ішінде Ресей, Жапония, Австралия, Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және Оңтүстік Америка елдері кәсіпкерлерімен тығыз байланыста.

China Anhui Jianghuai Automobile Co., Ltd (JAC)
Қытайда автомобильдер, жолаушылар және коммерциялық техникасын жетекші өндірушісі. Компания әлемдегі ең ірі 100 өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына кіреді, айта кету керек, компания Қытай зауыттарында жылына 700 000-нан астам автокөлік шығарады.
Бүгінгі таңда, JAC Motors компаниясының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде мамандандырылған өзінің жеке орталығы бар (Хэфэй, Қытай). 2005 және 2006 жылдары компания дизайн және жаңа техникалық шешімдерді әзірлеуге мамандандырылған Турин және Токиода ұқсас орталықтар ашты.

Bank of China International (China) Co., Ltd.

Bank of China International (Қытай) Co., Ltd. Bank of China Group инвестициялық-банктік бөлімшесі болып табылады. Бұл бірігу және жұтылу жөніндегі трансшекаралық мәмілелерде мамандандырылған, қаржылық кеңес қызметтерін ұсынушы жетекші банк болып табылады. Банк Қытайдағы компаниялармен, сондай-ақ Қытай Банкі филиалдарының орналасқан елдерімен тығыз байланыста. Еуразия құрлығындағы бірігу және жұтылу жөніндегі бірнеше халықаралық мәмілелердің сәтті аяқталғандығымен BOCI жақсы беделге ие.

«Аллюр КТ» АҚ
КТ құрамына «СарыаркаАвтоПром» өндірістік алаңы, AllurAuto дилерлік және дистрибуторлық желісі кіреді. «Allur Компанялары Тобы» АҚ – шағын торапты әдісімен (CKD) жеңіл автомобильдер өндірісін жүзеге асыраты, Қазақстандағы бірден-бір компания.
СарыаркаАвтоПром өндірістік алаңдарында Peugeot, JAC, Hyundai, Ravon, ChevroletNiva автомобильдері, Iveco, JAC, МАN коммерциялық техникасы, Iveco және Ankai автобустары шығарылады.

Қазақстан аумағындағы «Аллюр Компаниялары Тобы» АҚ құрамына Peugeot, Iveco, JAC брендтерінің дистрибуциясы кіреді. КТ құрамына енетін, AllurAuto компаниясы Mitsubishi, Suzuki, Ravon маркалы автомобильдердің ресми дилері болып табылады.