АҚ «Аллюр Компаниялар Тобы»
5588
Rus

«СарыаркаАвтоПром» 9 ай ішінде өндіріс көлемін 109%-ға ұлғайтты

2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Аллюр» КТ» АҚ құрамына кіретін «СарыаркаАвтоПром» ЖШС автомобиль зауыты барлығы 7,941 автомобиль өндірді, бұл 52 933,1 млн. теңгені құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109%-ға артты.

Негізгі JAC бренді желісін кеңейту, ANKAI электрлі автобустары мен IVECO қаңқалы автобустары сияқты автокөлік өнімдерінің жаңа түрлерін игеру, сондай-ақ компанияның ҚР автобус паркін жаңарту бағдарламасына қатысып, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Астана, т.б. қалаларын қалалық автобустармен қамтамасыз етуі арқасында өндіріс көлемі өсті.

Экспорттық жеткізілімдерді ұлғайту компанияның басым бағыты болып табылады. Осылайша, 9 ай ішінде 840 млн. теңгенің автомобильдері сыртқы нарыққа жөнелтілді. Жылдың соңына қарай экспорт көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда 4 есе жоғары болады. Негізгі нарықтар - Тәжікстан және ЕЭО елдері.

Компания отынның баламалы түрлеріне арналған көлік құралдарының өндірісін қарқынды дамып келеді. Осылайша, биылғы жылы Қостанай зауытының конвейірінен шыққан газбен жұмыс істейтін Еуро-5 стандарты «Ankai» автобустарының 70 бірлігі Ақтөбе паркін жаңартты. Сондай-ақ, Аллюр» КТ» АҚ құрамына кіретін «СарыаркаАвтоПром» ЖШС автомобиль зауыты өндірістегі «Ankai» маркалы 5 электрлі автобус Ақтауда ресми түрде ашылған «Халықаралық әуежай - Ақтау» тұрақты бағытымен қатынайтын болады.

Электрлік қуаттау станцияларының инфрақұрылымын дамыту шеңберінде, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен, Астана қаласы әкімдігімен, РОП Операторымен бірлесе отырып, Қазақстан астанасында 48 ЭҚС құрылған және Астана мен Ақтау қалаларында автобустарды жедел қуаттауға арналған ЭҚС толық инфрақұрылымын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.