АҚ «Аллюр Компаниялар Тобы»
5588
Rus

RENAULT ҚАЗАҚСТАНДА ТІРКЕЛДІ

Renault Ресей бүгін Қазақстанда бірлескен өндірістің басталғанын жариялады. Renault Group және «Allur» КТ өнеркәсіптік серіктестігі аясында автокөліктердің модельдік қатарының сериялық шығарылуын Қостанайдағы «СарыаркаАвтоПром»зауыты жүзеге асыратын болады.

Өндірістік желі Renault Group жабдықтарына, технологиялық процестеріне және сапасын бақылауға қойылатын барлық талаптарды ескере отырып құрылды. Жобаға қатысқан барлық қызметкерлер өндірістің барлық үдерістерін құру үшін, Renault стандарттары мен әдістеріне қажетті оқытудан өтті.

Қостанайда шығарылған алғашқы автомобильдер ТМД елдерінің түрлі жол және климаттық жағдайларында пайдалану үшін өте жақсы бейімделген Renault Arkana және Renault Kaptur кроссоверлері болады. Болашақта сатып алушылардың өсіп келе жатқан сұранысына жауап бере алу үшін, өндіріс көлемін біртіндеп арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, биылғы жылы серіктестер Renault автомобилінің басқа модельдерінің есебінен, өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.