АҚ «Аллюр Компаниялар Тобы»
5588
Rus


Астаналық таксопарк отандық өндірістегі автомобильдерге отырды

«ASTANA TAXI» жобасына 50 JAC S3 жаңа кроссоверлерін берді. Астана Әкімдігі алдында Қазақстандық өндірістегі жаңа автомобильдер кілттерін астаналық таксопаркке табыс етті.

«ASTANA TAXI» жобасы – жария автомобиль көлігімен тасымалдаушылардың өсуі есебінен, қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіз қамтамасыз ету мақсатында, 18 таксопаркті біріктіретін, астана таксиінің бірыңғай қызметі «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен Астананың көлік ассоциациясының қолдауы барысында бюджеттен тысқары инвестиция есебінен іске асырылады.

-Осы бір ай бұрын, алғашқы рет Қостанайдағы автомобильдер шығаратын, СарыаркаАвтоПром зауытында болдым, кәсіпорынның өндіріс сапасы мен жабдықталу деңгейі және технологиялылығы мені таң қалдырды. Сондықтан, автомобильдер таңдауда менде артық сұрақтар болған жоқ. Қазақстанда, СарыаркаАвтоПром кәсіпорны сияқты жоғары деңгейдегі және өнімнің осындай жоғары сапасымен басқа зауыт жоқ. Бүгінгі күні, Astana Taxi бағдарламасы шеңберінде астанада 50 жаңа JAC S3 автомобильдерін іске қосамыз, бұл одан арғы ынтымақтастыққа демеу беретін болады, - деп атап өтті, "ASTANA" ӘКК" ҰК" АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Бауржан Канкин.

Таксидің бірыңғай қызметі паркі Қостанайдағы Аллюр Компаниялар Тобы қуаттылықтарында өндірілетін, JAC маркалы 50 жаңа автомобильдермен кездейсоқ толықтырылған жоқ. Бренд отанда сияқты – Қытайда (сегменттер қатарында көшбасшы болумен, сонымен бірге автомобильдің ең жақсы дизайны және қауіпсіздік деңгейі үшін марапаттарға ие бола отырып), сондай-ақ өзге елдерде де үлкен танымалдылыққа ие. Автомобильге қазақстандық тұтынушылар да үлкен баға берді. Сонымен, екі жыл бойында JАС S3 кроссоверін өңірлік көрмелер шеңберінде «Қазақстанның үздік тауары» ретінде таңдайды. Қостанайдағы зауытта бұл модель дәнекерлеуді, бояуды және құрастыру үдерістерін қоса, шағын торапты әдіспен шығарылады.

- JAC S3 4 қауіпсіздік жастықшасымен және балалар креслосына арналған ISO FIX қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған, ол көлік жүргізу кезінде сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. JAC маркасының айрықша ерекшелігі - компания басшылығының жаңа технологияларды қолдануға және автокөлік қауіпсіздігі деңгейін үнемі арттыруға үлкен көңіл бөлуі. Өткен жылы қытайлық JAC Motors компаниясы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-н Қытайдан тысқара осы маркалы автомобильді өндіру бойынша үздік зауыт деп белгіледі.

Біздің автомобиль зауытының өнімдері жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне және елорда тұрғындары мен қонақтары жоғары баға беретініне үміттенеміз», - деді «Аллюр» КТ» АҚ қаржы директоры Ирина Миронова.

Астана такси паркіне жаңа автомобильдерді ресми түрде беру шеңберінде, сондай-ақ, көлік қызметтерін оңтайландыру мақсатында, мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік (МЖК) механизмі арқылы барлық қалалық басқармалар мен қаланың төрт аудандық әкімдігі такси қызметтеріне ауысатын болатынын хабарлады. Осы жобаның көмегімен 5 жыл ішінде көлік қызметтеріне 1 млрд. теңге үнемдеу жоспарланып отыр.