АҚ «Аллюр Компаниялар Тобы»
5588
Rus

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының III Форум шеңберінде Қазақстандық АвтоБизнес Ассоциациясының (ҚАБА) төрағалық етуімен, автомобиль өнеркәсібі секциясының отырысы болып өтті. Секцияның басты тақырыбы ЕАЭО және ДСҰ-ғы ҚР мүшелігінің жаңа ақиқаты жағдайларындағы қазақстандық автопромның дамуы болды.

Секция нәтижелері бойынша ағымдағы жағдайлар есебімен, автомобиль өнеркәсібін дамыту жөніндегі ұсыныстар тізімі әзірленді.

Секция жұмысына ҚР инвестициялар және дамыту жөніндегі министрі Альберт Рау, Қазақстандық АвтоБизнес Ассоциациясының президенті Андрей Лаврентьев, ҚР-дағы «ПрайсвотерхаузКуперс» автомобиль саласындағы кеңестік қызметтербағытының директоры Шалқар Нұртлеуов, РФ-дағы Еуропа бизнесі ассоциациясы автоөндірушілері комитетінің төрағасы Йорг Шрайбер, «РФ автоөндірушілер бірлестіктері» НП атқарушы директорының орынбасары Алексей Серёженкин және РФ автомобиль компоненттерін өндірушілердің ұлттық ассоциациясы президенті Михаил Блохин қатысты.

Қазақстандық автомобиль өнеркәсібін дамыту стратегиясы саланың әлемдік көшбасшыларымен отандық компаниялар коллаборация негізінде құрылуда. Инновациялық индустрияландырудың саясаты шеңберінде автокомпоненттер өндірісін меңгеру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні халықаралық компаниялар қатарымен келіссөздер жүргізіліп, жаңа әлеуетті серіктестіктер іздестірілуде.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау:
«Отандық автопром одан әрі дамыту стратегиясы өндіріс көлемі мен оқшауландыру, бәсекеге жарамдылық деңгейін арттыру және экспорттық әлеуетті үдету мақсатымен, толық циклдағы автозауыт және технопарк құрылысының жобасы бойынша Renault-Nissan-Avtovaz, және жеңіл автомобильдер өндірісі жобасы бойынша Jac сияқты әлемдік көшбасшылармен қазақстандық компаниялар ынтымақтастығында негізделеді. Қазіргі уақытта бұл бірлескен жобалар жүзеге асырылу сатысында.

Оқшауландыру мәселесі 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін 50% белгісіне жету керек болғандықтан, автомобиль жасау кәсіпорындары үшін, оқшауландыру көкейтесті мәселе болып отыр. Әлбетте, автокомпоненттер саласын дамытусыз көрсетілген көрсеткіштерге жету, әрине, мүмкін емес. Мемлекет тапсырған бағытта, инновациялық индустрияландыру шеңберінде ҚР автомобиль өндірісі алаңдарының белсенді жұмысы жүргізілуде.

Автомобиль компоненттерін өндірушілердің ұлттық ассоциациясының президенті Михаил Блохин:
«Бүгінгі күні дамып келе жатқан өткізу нарығы, сондай-ақ жергілікті қажеттіліктер ҚР-да автокомпоненттер саласы құру және дамыту үшін жеткілікті. Сонымен бірге, тауарларды экспорттауға бағдарланатын заңды және нормативті құқықтық база қызықтыра алады. Осыған байланысты, дағдарысты кезеңде бар күшті саланың өсуіне және дамуына бағыттау керек».

Қайталамалы пікірталас шеңберінде талқылаудың негізгі және ең маңызды тақырыбы ДСҰ аясында отандық автопромды дамытудың келешектерімен байланысты мәселелер болды.

"РФ автоөндірушілері бірлестігі» КЕС атқарушы директорының орынбасары Алексей Серёженкиннің пікірі бойынша ДСҰ-да автопромды кешенді және жоспарлы түрде дамыту үшін, саланы мемлекет қолдауы қажет. Бірінші кезекте сарапшы барлық санаттың импортты автомобильдеріне баждың кенет төмендеуінен келеңсіз әсерді компенсациялау шараларын қабылдауды және пайдаланылған импорт жағынан жосықсық бәсекені шектеп, сондай-ақ ресурсын тауысқан автомобиль техникасын пайдалану мерзімдерін шектеуді енгізу қажеттігін ұсынады.


>"РФ автоөндірушілері бірлестігі» КЕС атқарушы директорының орынбасары Алексей Сереженкин:
«ЕАЭО, сондай-ақ ДСҰ аясында да саланы дамыту және оның ұстанымдарын нығайту үшін, автомобиль техникасына сараланған экологиялық салық, автоөндірушілердің инвестициялық белсенділіктерін қолдау, автомобиль өнеркәсібіндегі инвестициялық климаттың көз тартылымдылығын арттыру, автомобиль жасау өнімінің ұқсас импортын заңдастыруды болдырмау, бұрмаланған және контрафактілі өнімді ЕАЭО аумағына енгізуден қорғау, сонымен бірге жеңілдікпен автонесиелеу және лизинг сияқты қолдау шаралары аса қажет деп санаймын».

Жеке рөл саланы кадрмен қамтамамсыз ету және ішкі айналымдағы тауардың сертификаттаудан өту жүйесі мәселелеріне бөлінді. Спикерлер, тек ЕАЭО елдері құрамына енетін компаниялардың ғана кадрларын біріктіру мәселелерін қозғап қойған жоқ, сондай-ақ халықаралық кәсіпорындардың білімдері мен тәжірибелері трансфертінің мәселелері әңгіме болды. Секция аяқталғаннан кейін, қатысушылар ЕАЭО, сондай-ақ ДСҰ аясында бәсекелесуге қабілеттілік пен автомобиль өнімдерін арттыру шараларын әзірледі.

Секция аясында «СарыаркаАвтопром» қостанай зауыты «Кедендік Кеңес» шеңберінде өндірілетін өнімді оқшауландыруға арналған бөлшектерді сатып алу аясындағы өзара қарым-қатынастың басталуы туралы» және түрік компаниясымен ынтымақтастықтың басталуы мен Қазақстан аумағында жартылай тіркемелі техниканы құрастыруды жүзеге асыру құқығын беру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Секция жұмысы нәтижелері ҚР-да автопромды дамытудың одан арғы шаралары бойынша панельдік пікірталас болды, белсенді талқылау барысында секцияға қатысушылар ең табысты елдерде саланы дамытудың әлемдік тәжірибесі есебімен, мемелекеттік қолдауды қоса алғанда, автопромды дамыту шараларының тізімі құрылды. Тізімге отандық автомобильдердің сатылуын ынталандыру бойынша қолданыстаға жобаларда ұзарту, техникалық параллельді импортты шектеу бойынша техникалық реттеу және тарифтен тыс шаралардың инфрақұрылымын құру сияқты шаралар кірді.

Қазақстандық АвтоБизнес Ассоциациясының президенті Андрей Лаврентьев
«Бүгінгі секцияны қорытындылай отырып, Қазақстанда автопромның негізделген даму әлеуеті барына көзім жетті. Әлемдік тәжірибенің ЕАЭО шеңберінде арттырылып отырған өткізу рыногында біздегі бар жағдайларда, мүмкіндіктерде, қуаттылықтарда, сондай-ақ мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болса, отандық автопром өз қуаттылықтарында 100% табыс кіргізуге дайын екенін көрсетіп отыр. Қазақстандық автопромға соңғы жылы үкімет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілгенін атап кету қажет. Мысалы, жеңілдікті несиелеу бағдарламасы экономикалық тұрақсыздық жағдайында өндіріс көлемін сақтап қалуға және арттыруға көп көмектесті. Автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін, автомобильді сертификаттауға арналған сынау орталығының құрылысымен, техникалық реттеу инфрақұрылымын құруды ұсынамыз ».