АҚ «Аллюр Компаниялар Тобы»
5588
Rus

Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РОССИЯ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды дамытуды жалғастырады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Қостанай облысына жұмыс сапары барысында РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі өкілі Денис Пактың қатысуымен, қазақстан-ресей өндірістік кооперациясы шеңберіндегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексеріп қарады.

Сапар барысында өңірді мыңдаған жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін, автомобиль жасау саласындағы, ауылшаруашылық техникасы өндірісінің, сонымен бірге компоненттік базаның жаңа алдыңғы қатарлы жобалары табысты жұмыс істейтін және іске қосылуға дайындалып жатқан, аймақтың өнеркәсіптік мүмкіндіктері көрсетілді.

Сонымен, бүгін «СарыаркаАвтоПром» зауытында АВТОВАЗ президенті Николя Мордың қатысуымен, LADA автомобильдерін бірлесіп шығару бастау алды. Демек, зауыттың өндірістік алаңында LADA автокөліктерінің барлық модельдері: Niva Travel, Niva 4х4, Vesta, X-RAY, Largus и Granta шығарылатын болады.

LADA Granta автомобильдерінің өндірісі автокөліктерді бояу операцияларын қолданумен қатар, шағын торапты әдісін (CKD) қамтиды. Сонымен бірге, қазіргі уақытта отандық зауытта LADA автомобилін оқшаулауды одан әрі арттыру мақсатында, осы модельдің шанақтарын дәнекерлеу бойынша жоғары технологиялық өндірістік операцияларды дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Өндіріс үшін қажетті оқытудан өткен жаңа жұмыс орындары ұйымдастырылды.

Үкіметтік делегация «Рено Россия» бас директоры Ян Птачектің қатысуымен, жақында Arcana және Captur модельдерін шығару жөнге келтірілген, «СарыаркаАвтоПром» зауытындағы Renault өндірістік желісінің жұмысын қарап шықты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары «КАМАЗ» КАҚ бас директоры Сергей Когогинмен жаңа үлгідегі К5 КАМАЗ жаңа модельдік қатардың жүк техникасына арналған, шойын құймасы компоненттерін шығаратын KamLitKZ зауыты құрылысының жүрісімен танысты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының қатысуымен жетекші белдіктердің басты берілістерін өндіру жөніндегі КАМАЗ зауытын салу жобасы бойынша жаңа инвестициялық келісім-шартқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен KamLitKZ арасында осы компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды.

Осы келісімдерді жасасу КАМАЗ компаниясының Қазақстан аумағында автомобиль компоненттерінің заманауи жоғары технологиялық өндірістерін құру жөніндегі ірі инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберіндегі тағы бір қадам болып табылады. Қазақстандық өндіріс өнімдері Набережные Челны қаласындағы (Татарстан, РФ) "КАМАЗ" бас зауытының конвейеріне жеткізілетін болады.

Жаңа жобаға салынған инвестиция шамамен 82 миллиард теңгені құрайды. Қазақстан зауытында және онымен шектес салаларда 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Жоба «Өнеркәсіптік Даму Қоры» АҚ қатысуымен жүзеге асырылуда.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының, РФ Өнеркәсіптік Сауда Министрлігі өкілінің, «КАМАЗ» ҚТҚ бас директорының және «АВТОВАЗ» АҚ Президентінің қатысуымен өткен кездесулер қорытындысы бойынша, Қазақстан аумағында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі 8 негізгі құжатқа қол қойылды.