АҚ «Аллюр Компаниялар Тобы»
5588
Rus

Қазақстан және Тәжікстанның Премьер-Министрлері экспортталатын қазақстандық автомобильдердің сапасына баға берді

Главы правительств осмотрели образцы автотехники, экспортируемой из Казахстана в Таджикистан Группой компаний «Аллюр».

Үкімет басшылары «Аллюр» компаниялар тобымен Қазақстаннан Тәжікстанға экспортталатын автомобиль техникаларының үлгілерін қарап шықты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары Кеңесінің жұмысы шеңберінде Душанбе қаласында (Тәжікстан) Қазақстан мен Тәжікстан Премьер-министрлері Б. Сағынтаев пен К. Расулзода «Манеж» көрме ортағының аумағына барды, мұнда Тәжікстанға экспортталатын қазақстандық өндірістің автомобильдердің үлгілерін қарап шықты.

Үкімет басшылары «Аллюр» Компаниялары тобына кіретін, «СарыаркаАвтоПром» қостанай автомобиль зауыты қуаттылықтарында өндірілген Қазақстаннан Тәжікстанға экспортталатын автомобильдердің үлгілерін қарап шықты.

Қазақстандық автомобильдер Тәжікстан нарығын сенімді түрде жеңіп шықты. Отандық құрастырылымдағы JAC S3 қалалық кроссоверлер Душанбе қаласының таксопаркін қалыптастырды.

KazakhExport қолдауымен, AllurGroup компаниясы Тәжікстанға 150-ге жуық автомобильдер жөнелтті.

Кроссоверлер «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ-мен келісімшарт шеңберінде Душанбе қаласындағы муниципалдық таксопаркті толықтыру үшін жіберіледі. Мәмілені «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-мен бірлесе жалпы 1 млн. АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық сауданы қаржыландыру схемасы бойынша іске асырады.

Экспорттық сауданы қаржыландыру қазақстандық автоөндірушіге автомобильдер экспорттауға және жөнелтуден кейін дереу төлемін алуға, ал тәжік сатып алушысына арзан және үздіксіз қаржыландыру түріндегі төлем мұрсатын алуға мүмкіндік береді.

Жалпы құны 10,5 млн доллар болатын 1000 дана JAC автомобильдерін жеткізу келісімшартын «Аллюр» КТ» АҚ мен «Холдинг Азия Групп Таджикистан» 2017 жылғы көктемде жасасты. Тәжік жағының өкілдері қостанайлық кроссоверлердің сұранысқа ие өтімділігін және бағасының қолжетімділігін жоғары бағалап отыр.

Өз кезегінде, «Аллюр» КТ» АҚ-да тәжіктің көлік холдингімен мәміле Қазақстанның автомобиль саласының экспорттық әлеуетін елеулі ұлғайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.