АҚ «Аллюр Компаниялар Тобы»
5588
Rus


Қазақстанда алғаш рет электрлі автобустар қала көшелеріне шықты

Ақтауда «Халықаралық әуежай - Ақтау» тұрақты бағытыресми түрде ашылды, бұл бағытпен «Аллюр» Компаниялар Тобының автокөлік зауыты шығаратын «Ankai»маркалы 5 электрлі автобус қатынайтын болады.

«Ankai» заманауи электрлі автобустары қауіпсіздік пен сапаның барлық параметрлерін қанағаттандырады. Автобустың алдыңғы жағында қозғалтқыштың шуына еліктейтін, келе жатқан көлік құралы туралы жаяу жүргіншілерді ескертетін дыбыс колонкалары орнатылған.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың айтуынша, отандық өндірістегі электрлі автобустардың жұмысы «жасыл технологияларды» енгізу үрдісін белгілейді.

Электрлі автобустар өте үнемді: отын шығыны дизельдік автобустардан 4 есе аз, газды автобустардан 3 есе аз. Сондықтан, 3-4 жылда электрлі автобустар шығынының орны толады. Өндіруші - Қостанай зауыты 2 жыл бойы автобустарға кепілдік береді, бұл олардың сенімділігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, компания электр қуатымен жылдам қамтамасыз ететін 5 станцияны орнатып, инфрақұрылымды құрды. Автомобиль көлігінің негізгі ерекшелігі, ол тек электр энергиясымен жұмыс істейді, яғни ол қоршаған ортаға зиян тигізбейді және үнемді жұмыс істейді.

Бір зарядта автобус орта есеппен 160 шақырымға жетуі мүмкін. 320 км-ге дейін жұмыс істеуге қабілетті қуатты батареялар да бар. Батареяны толығымен қуаттау үшін 2,5-тен 4 сағат кетеді.

Электрлі автобустың салонында 4 бейнекамера, электронды автоақпаратшы, сондай-ақ қол жүгіне арналған жүк сөрелері бар. Мобильді құрылғыларды және басқа гаджеттерді қуаттауға мүмкіндік беретін USB- кірістері креслолардың артқы жағына салынған.

Біздің компания инновациялық автомобильдер жасаудың алғашқы тәжірибесін алды және экологиялық қауіпсіз көлік шығаруға дайын екенін білдірді. Зауыттың өндірістік қуаты жылына - қалалық, қала маңы, экскурсиялық, газды және электрлі автобустардың шамамен 1500-ін шығаруға мүмкіндік береді. Электрлі автобустардың дәл осы топтамасы Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Саммитіне қатысқан делегаттарға қызмет көрсету үшін арнайы жасалған, кейіннен Ақтау қаласының әлеуметтік маңызы бар бағыттарында пайдалануға берілді. Егер осы көлікке үлкен сұраныс болса, онда біз сериялық өндіріске дайынбыз, - деді бизнес дамыту жөніндегі директор Михаил Кветнис.

«Ankai» маркалы электрлі автобусының құны 60 миллион теңгеден басталады. Автобус паркін «БРК-Лизинг» АҚ отандық автобустарымен жылына 7% жаңартып отыру бағдарламасының арқасында қазақстандық автобустарды қолайлы жағдайларда сатып алуға болады. Алғашқы жарна 15%-дан, жалдау мерзімі 7 жылға дейін, ал алдын-ала тапсырыс бойынша 6 айға дейін жеңілдік кезеңі қарастырылады. Аллюр Компаниялар Тобы алаңында 2017 жылдан бастап «Ankai» автобустарын шығару өндірісі жолға салынған. Жақында Ақтөбе қаласының паркіне газбен жұмыс істейтін Еуро-5 стандартының 70 бірлігі жеткізілді.